Астана қаласындағы Toyota орталығына түс әлетінде тұтынушы келеді. көлігін жол жиегіне қаңтарып автосалонға кірген ол асықпай аралайды. Дәл өзінің көлігіндей автокөліктің ішінен бас тірегіш жастықтың екеуін ұрлап кетеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі jasqazaq.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адам жымысқы әрекетін түскі үзіліс кезінде жүзеге асырған. Оның әр қимылы бейнебақылау камерасына жазылып қалады.
Авто орталық мамандары келген шығынды 500 мың теңге деп есептеп отыр.
Тәртіп сақшылары 44 жастағы күдіктіні ұстады.
Ол бас тіреуіш екі жастықты алғанын, бірақ өзінің көлігіне қона кетпеген соң жол-жөнекей лақтырып жібергенін айтты.
Күдіктінің үстінен ҚР ҚК-нің 188-бабына сай сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.