Тараз қалалық сотының төрағасы сотталды
Тараз қалалық сотының төрағасы сотталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап жазды.
"Тараз қаласы №2 сотының үкімі бойынша, Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаров жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Мадемаров өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылған.
"Сотталушы сатып алу-сату мәмілесін және меншік құқығын жарамды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оң шешімге жәрдемдескені үшін азаматтан алдау жолымен 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алған", - делінген хабарламада.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу