Талғар ауданында қызды бұрынғы жігіті соққыға жығып, бетін тілгілеген

Талғар ауданында жас қыздың бұрынғы жігіті соққыға жығып, бетін тілгілеген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі әлеуметтік желідегі Nemolchi парақшасына сілтеме жасап жазды.

"2023 жылдың 3 қаңтарында сағат 23:00 шамасында әпкемнің бұрынғы жігіті оның үйіне келген. Ата-анасы мен әпкелеріне онымен сөйлесіп жатқанын айтса, өлтіремін деп қорқытып, қала сыртына алып кеткен. Алатау тасжолының бойында көлікте қызды ұрып-соғып, мұрнын сындырып, бетін пышақпен тіліп, шешіндірген. "Менімен болмасаң, басқамен де болмайсың" деп, өміріне қастандық жасаған. Видеоға түсіріп, Instagram әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған. Біз сол парақшадан көрдік те, сағат 01:30-да патрульдік полицияны, жедел-жәрдемді шақырдық" делінген жазбада.

 

Сіңлісінің айтуынша, сағат 02:00-02:30 кезінде жігіт қызды үй жағына әкеліп, өзі қашып кеткен. Жедел жәрдем алғашқы медициналық көмек көрсетті, патрульдік полиция кінәліні іздеуге шыққан. Хат иесінің сіңлісін облыстық Талғар ауруханасына жатқызған. 4 қаңтарда таңертең қылмыскер ұсталды. Қазір Талғар аудандық полициясында қылмыстық іс қозғалды. Бір жарым жыл бұрын да күдікті осылай ұрып-соққан. Жігіттің үстінен арыз жазылғанымен, іс "шешіліп" кеткен. Туыстары осы жолы мәселенің заңды түрде шешілгенін қалайды.

 

Талғар аудандық полициясы 2001 жылы туған күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

 

"Осы факті бойынша Алматы облысында полиция департаменті ҚР қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұдан әрі сараптама қорытындысынан кейін ҚР қылмыстық кодексінің 106-сы бойынша адам қайта біліктіліктен өтеді, күдікті ұсталды" делінген полиция хабарламасында.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста