Талдықорғандық азамат бұрынғы сүйіктісінің жалаңаш суреттерін желіге жариялап жіберген
Талдықорғанда өзінің бұрынғы сүйіктісінің жалаңаш суреттерін желіге жариялап жіберген 34 жастағы азаматқа қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
23 жастағы бойжеткен бұл туралы полицияға 19 шілдеде шағымданған.
"Жәбірленуші ер азаматпен 2020 жылы айырылысып кеткен. Алайда бұған көнбеген күдікті қыздың қыр соңынан қалмай қойған. Ең соңында ол бойжеткенді интимді суреттеріңді желіге жариялаймын деп қорқытуға дейін барған", - дейді Талдықорған қаласы ПБ басшысы Асқар Нұрсапа.
Ер азамат бірнеше рет сүйіктісінің желідегі парақшаларын бұзып, оның атынан бөлек парақша ашып, қыздың жалаңаш суреттерін жариялаған. Полиция бөліміне жеткізілген ол бар кінәсін мойындаған. Талдықорған тұрғынына қатысты ҚР ҚК 147 бабы 4 тармағы "Қазақстан Республикасының жеке деректері мен оларды қорғау туралы жеке заңнамасын бұзу және жеке өмірге қол сұғушылық" бойынша іс қозғалған.