Талдықорғанда 1218 пәтер заңсыз берілген

2013 пен 2021 жылдардың аралығында Талдықорғанда 1218 пәтер заңсыз берілген. Оның 59-ы кері қайтарылды. Әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларға берілген 500-ге тарта баспана заңдастырылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қайтарылған пәтерлер кезекте тұрған азаматтарға беріледі. Үйді оңды соңды үлестіріп, жекешелендіру құжатын жасаған мемлекеттік қызметкерлер жазасыз қалмайды.

 

"Тұрғын үй бөлімінің бірнеше маманы сот санкциясымен үйқамаққа алынды. Өзге деректер тергеу жүріп жатқандықтан жария етілмейді», - дейді мамандар.  

 

Айдос Жетпісбаев, Жетісу облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті тергеу басқармасының басшысы:

 

- Қазіргі таңда қылмыстық іс Талдықорған қаласының акиматының лауазымды тұлғаларына қатысты жүргізілуде. Оның ішінде бірнеше адам тұрғын үй бөлімінің қызметкерлері қазіргі таңда күдікті ретінде танылған. 2013 - 2021 жылдар аралығында болған жағдайлар олар. Сол аралықта бірнеше пәтерді заңсыз шеттету фактілері бойынша айып тағылды.  

 

Әсет Масабаев, Талдықорған қаласының әкімі:

 

- Біз бұл жұмысты негізінде алдыңғы жылы күзге дейін бітіруіміз керек болатын. Халыққа да сөйтіп есеп бергенбіз. Бірақ мұның былайша айтқанда масштабын көрмедік. Қазіргі таңда масштабы үлкен болып отыр. Осыған байланысты жұмыс ауқымы да көбейіп отыр. Талдықорған қаласының әкімшілігі, біздің прокуратура бар облыстық, қалалық прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті өкілдері де бар. Осы үш мекеме болып осы мәселенің анық-қанығына жету мәселелерін анықтап жатырмыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста