Шымкентте мектеп оқушысы сыныптасының әкесін ұрып өлтірді

Шымкентте мектеп оқушысы сыныптасының әкесін ұрып өлтірді

Шымкентте мектеп оқушысы сыныптасының әкесін ұрып өлтірді. 15 жасар балаға марқұмның «қызыма тиіспе» деп ескерткені ұнамаған көрінеді, деп хабарлайды КТК арнасы.

 Ересек адамның сөзіне кек сақтап қалған 9 сынып оқушысы 42 жастағы азаматты көшеде күтіп тұрып, таспен ұрып құлатқан. Сосын әбден тепкілепті. Жасөспірімнің қолынан қаза болған марқұм бүгін жерленді.

  Ал оның жақындары күдіктінің жанында сыбайластары болған деп отыр. Зияфат Ыдырысовтың қайтыс болғанына жақындары сене алмай жылайды. Жеке шаруасымен көшеге кеткен 42 жастағы азаматтың денесі түнде үйінің маңынан табылды. 

 «Бас сүйегі мылжа-мылжасы шығып, соңғы демін алып жатқанда ғана көріп үлгердік», - дейді.

 Ал оның алдында сол маңда үш-төрт жеткіншектің топтасып тұрғанын көргендер бар. Олардың таяқ ұстап тұрғанын да байқаған.

 "Бет-аузының бәрі қан. Сау-тамтығын қалдырмай ұрып, тіпті қабырғаларын сындырып тастаған. Таспен де, таяқпен де, тіпті кетпенмен де ұрған. Енді артында қалған ұл-қызын кім асырап кім жеткізеді?", - дейді марқұмның қарындасы Севда Ыдырысова.

 Зияфатты өлтірген 9-сыныптың оқушысы болып шықты. Ол марқұмның қызымен бір сыныпта оқиды екен. 

 15 жастағы Пардамбек Сайыпов қыздарға қырғидай тиетін бұзықтау бала болған. Одан жәбір көргенін қызы бірнеше мәрте әкесіне айтып барыпты. Сондықтан Зияфат «қызымнан аулақ жүр» деп, жасөспірімге ескерту жасаған. 9 сынып оқушысы осыған кектенген болуы мүмкін. 

 "Ол баламен 4 сыныпқа дейін бір партада отырғанбыз. Бірінші сыныптан бері маған да, басқа құрбыларыма да тыныштық бермейтін. Бізге боқауыз сөз айтып, аяқтан шалып құлату оған күнделікті нәрсе. Мен түгілі, өзге қыздар да ол туралы ата-анасына талай мәрте шағымданған. Бірақ оған бәрібір", - деді марқұмның қызы Хаяла Нариманова.

 

 №55 мектеп басшылығы Пардамбек Сайыповқа шаң жуытпады. Осыған дейін бұзықтығын не мұғалімдер, не мектеп психологы байқамапты.

  «Осы жағдайдан кейін жоғары сынып оқушыларына беймезгіл уақытта көше кезуге тыйым саламыз», - дейді мектеп директоры.

 "Ондай шағым түскен емес. Ата-ана, оқушы тарапынан. Айтып тұрмын ғой, кәдімгі бала. Орта білімді", - деді директор.

  Кісі қанын жүктеген жасөспірім қазір қамауға алынды. Оқиға орнына жеткізіліп, әкесіндей адамды қалай ұрып өлтіргенін де көрсетіп берді. Оны марқұмның туыстары таспаға түсіріп алған. Бірақ полицейлер бұл туралы мардымды ештеңе айта алмай отыр. Сыныптасының әкесін ұрып өлтірген оқушыға қандай баппен іс қозғалғаны белгісіз. Сондай-ақ марқұмның туыстары айтқандай, қылмысқа өзге сыбайластары қатысқан ба, жоқ па, оны полицейлер айта алмайды. Қазір жалғыз күдікті қамауда, ал марқұмның денесі бүгін жер қойнына тапсырылды.    

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста