Шымкент полицейлері кішкентай қызды алдап кеткен әйелді 1 айдан бері таба алмай жатыр

Шымкентте белгісіз әйел мектеп оқушысын алдап сырғасын шешіп алып кеткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ERNUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы club_dobryakov_shymkent еріктілер парақшасында жазба жарияланды.

 

Жазбадағы мәліметке сүйенсек, мектептің ауласында тұрған оқушы қызға бейтаныс әйел келіп, оның анасын танитынын айтқан. Содан соң, сыныбына апарамын деп алдап мектептен алып кеткен.

 

«Қызымды мектеп ауласынан алдап алып кетіп, құлағындағы сырғасын шешіп алған. Осы оқиғадан соң, полиция бөлімшесіне барып арыз жаздым. Бірақ, олар арызымды ресми тіркемеген сияқты. Себебі 1414-тен арыздың қабылданғаы туралы хабарлама келмеді. Келесі күні полиция қызметкерімен бірге бейтаныс әйелдің қызыммен жүрген жерлерін аралап шықтық», - делінген анасының жазбасында.

 

Анасының айтуынша, барлық жердегі камера жазбасында күдікті әйелдің түрі анық көрінген.

 

«Бір аптадан кейін опер бөлімінің қызметкері Санжармен хабарластым. Ол «не болды іздеп жатырмыз» деп жақтырмай жауап берді. Осы оқиғаның болғанына 1 айдан астам уақыт болды. Неге анық суреті бар адамды таба алмай жатсыздар?», - дейді оқушының анасы.

 

Оқушы қыздың анасының сөзінше, белгісіз әйел оқушы қызды үйлердің ауласы мен аялдама арасында ұзақ алып жүрген. Анасы күдікті әйелдің басқа мақсаты болған сияқты деп қорқады.

 

Қазіргі таңда бұл оқиғаға байланысты Шымкент қаласы Полиция департаменті әлі пікір білдірген жоқ. Бірақ, анықтап ресми ақпарат беретіндерін айтты.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста