ШҚО полицейі айыпталушылардан тәркіленген 13 млн теңгені жұмсап жіберген

ШҚО полицейі айыпталушылардан тәркіленген 13 млн теңгені жұмсап жіберген

Шығыс Қазақстан облыстық Экономикалық тергеу департаментінің қызметкері айыпталушылардан тәркіленген көлікті иемденгені және 13 млн теңгені өз қажетіне жұмсағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Өскемен қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ШҚО Экономикалық тергеу департаментінің ерекше маңызды істер бойынша тергеушісіне қатысты қылмыстық іс қаралды.

 

Белгілі болғандай, ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, 2022 жылы айыпталушылардан тәркіленген "Skoda" маркалы автокөлікті иемденіп, 13 миллион теңгеден астам ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Сот барысында сотталушы өз кінәсін мойындады. Жазаны ауырлататын өзге мән-жайлар анықталған жоқ.

 

"Сот шешімімен тергеуші кінәлі деп танылып, 3,5 жылға бас бостандығы шектелді. Сондай-ақ айыпталушы өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылып, "Экономикалық тергеу қызметінің капитаны" арнайы атағынан босатылды", - делінген ақпаратта.

 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста