«СПИД-пен ауырған»: Басы кесілген әйел туралы тың дерек шықты

«СПИД-пен ауырған»: Басы кесілген әйел туралы тың дерек шықты

Алматының Түрксіб ауданындағы базардан басы табылған әйел ВИЧ инфекциясымен ауырған. Бұл туралы марқұм уақытша паналаған әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметкері «Шешімі бар» бағдарламасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Елдің есін екеу, түсін төртеу қылған қылмыс 12 сәуірде болған еді. Марқұмды танитын Түрксіб ауданындағы дүкен сатушысы әйелдің бассыз денесін Шолохов көшесіндегі саябақтан ит тапқанын айтады. 

 

«Тергеушілердің айтуыншы, оқиға сағат 5:00-де  болған. Көз жұмған келіншек саябақта серуендеп жүрген көрінеді. Сағат 9:00-де денесін ит тауып алған», – деді сатушы Айжан.

 

Дене табылған жерде әлі де ұйыған қанның қалдығы бар. Ал саудагерлер бас салынған пакетте қан болмағанын айтады. 

 

БЛИЦ:

 

– Оны басында жарылғыш зат деп ойладық. Одан кейін ашып қарадық. Басты көріп, адам екенін түсіндік. Басының терісінде қан болған жоқ, тап-таза болды. Жуып, қойған сияқты

 

– Киімінің бәрі жабық болды. Көзілдірік, медициналық бетперде, басында панама, шашы, түрі көрінбейді. Бірнеше секундқа кіріп, мына жерде тұрды. Қолынан бір нәрсе түсіп қалғандай кейіп танытты. Сол еңкейген күйі жылдам кетіп қалды. 

 

Бұл жайтқа қатысты арнамыздың «Шешімі бар» бағдарламасында пікірін айтқан заңгердің айтуынша, қаскөй қанды қылмысты алдын ала жоспарлауы мүмкін.

 

«Ол – іс-әрекетіне жауап беретін адам. Өйткені, түрін көрсетпеді, еңкейіп тұрды. Бас кимін төмен түсіріп алған. Басты жууы керек апарып. Ол үшін су ағатын жерге не үйге апару керек дегендей. Соның бәрі қаншама уақыт қой. Басты кесу, жуу, тазалау, пакетке салу - бәрін ойластырған», – деді  заңгер Нұрлан Байғазин.

 

Айта кетейік, 47 жастағы марқұмның тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған екен. 27 жастағы бір қызы бар. Ол бірнеше ай бойы танитын саудагерлер оның күйеуі де түрмеде отырғанын, өзі үйсіз, дала кезіп жүретінін айтады. Соңғы кездері саябақ ішіндегі ескі сахнаны паналапты.

 

«Бір сау жері жоқ. Сол жердегі күзетші баланың айтуынша, пышақтап тастаған», – деді дүкен сатушысы Айжан. 

 

Марқұм өлерінен шамамен 4 ай бұрын әлеуметтік бейімдеу орталығын паналаған. Ол жаққа әйелді масаң күйде Түрксіб аудандық патрульдік полициясы жеткізген. Бұл мекемеде 3 ай тұрып, қайта шығып кетіпті.

 

«Содан кейін бұл кісі ВИЧ жұқтырған екен. Кейбіреулер «біреуге ауруын жұқтырып, сол адам кек алуы мүмкін» деп айтып отыр», – деді дүкен сатушысы Айжан

 

«Сотталып келген кісілердің көбінде ВИЧ ауруы болады. Енді марқұмның да ауруы барын білеміз. Бірақ бізге түскен басқа да әйелдер, бас бостандығынан айырылғандар бар. Олардың көпшілігі ауру жұқтырған», – деді әлеуметтік бейімдеу орталығының маманы Ырыскүл Құсайынқызы.

 

Айта кетейік, кеше Алматы қалалық Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді. Қаскөй 62 жаста және марқұммен таныс болған. Қылмыс жанжал кезінде жасалыпты. Өзге ақпарат жария етілмеді. Іс әлі тергеліп жатыр.

 

«Оқиға мектеп-интернат пен саябақты бөліп тұрған қоршаудың артында болған» дейді ата-аналар. Енді олар бұл жағдайдан кейін балаларын сабаққа жіберуге де қорқып қалған.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста