Шипажайға барамын деп алданып қалды

Сайрам аудандық Полиция басқармасына Шымкент қаласының тұрғыны арызданады. Әйелдің айтуынша, ол жалған жарнамаға алданып қалған. Яғни жәбірленуші Ақсукент ауылындағы шипажайлардың біріне 10 күнге демалысқа шақырған хабарландыруға сеніп, 100 мың теңге аударған. Алайда, соңында алаяқтар алдағанын түсінген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды.


 
Орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы мен сайрамдық тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылып, қажетті іздестіру шаралары жүзеге асырылды.

Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басы анықталды.


 
Содан жедел уәкілдер жасырынып жүрген күдіктіні Алматы қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен ұстап, полицияға жеткізді. Ол Төлеби ауданының тұрғыны, бұрын алаяқтық дерегімен сотты болған жас қыз болып шықты.


 
Белгілі болғандай, күдікті жалған жарнама арқылы 12 шымкенттік тұрғынды алдаған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

kz.otyrar.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста