Шетел азаматы қазақстандық келіншектің балаларын тартып алып, өзін зорлап тастаған (фото)
Қазақстан азаматы Альфия Фатихова Кипр тұрғынына тұрмысқа шығып, одан екі балады болған. Бүгінде ажырасуға бел буған келіншек одан екі баласын ала алмай әлек болуда деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Альфияның айтуынша, тұрмысқа шыққан соң күйеуі адам танымастай өзгеріп, қол көтеретін болған. Ал өмірге бала әкелген соң, күйеуі оларды тартып алып, әйеліне бермей қойған.
Әйел "балаларымдын қайтарып алмақ болғанда ол мені зорлап тастады" деп отыр. Осыған қатысты полицияға арыз жазғанымен, еш нәтиже болмаған.
30 наурыз күні сот шешімі бойынша балалар әкесімен бірге қалған.
Альфияның әпкесі Ольганың сөзінше, Кипрде жергілікті заңдардың салдарынан олар көптеген қиындықтарға тап болған.
Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген Әнуар Жайнақов болса, Қазақстан елшілігі бұл іске еш араласа алмайтынын жеткізіді. Айтуынша, Альфияның балалары Кипр азаматтары болып саналады. Сондықтан жергілікті соттың шешімі көп нәрсе шешеді дейді ол.
Сонымен бірге, әйелге қазақстандық консулдар құқықтық қолдау көрсетіп жатқанын тілге тиек етті.
Оның тығырықтан шығар бір ғана жолы өзін ұрып-соққан күйеуіне қайтып барып, балаларымен қауышу.