Қостанайда 50 жастағы әйелді таксиде зорлап кетті

Қостанайда 50 жастағы әйелді таксиде зорлап кетті

Шілденің 26-сы күні Қостанай облысында такси ішіндегі жолаушы жолдан отырған әйелді зорлаған. Қазіргі кезде күдікті ұсталып, тергеу жүріп жатыр деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Alau.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға болған күні түнгі сағат үш шамасында әйел бір ауылға бару үшін трассаға шығып көлік тоқтатқан. Оны мінгізген таксидің ішінде шопырмен қоса санағанда төрт еркек және бір қыз отырған. Теміржол өткелінен соң машина басқа жаққа бұрылған. Әйелдің сұрағына такси жүргізушісі егіс даласы үстіндегі жолмен апаратынын айтып көңілін орнына түсірген. Жолаушылардың біразы түсіп қалады да, көлікте таксист, тағы бір адам және әйел үшеуі қалады. Қарабалық ауылына қайтар жолда ер адам 50 жастағы әйелді машинаның ішінде зорлаған. Өзін бастапқыда машинаға мінгізген жерден түсіріп кеткен.

Әйел бірден аудандық полицияға хабарласып, арыз жазған. Күдікті көп ұзамай ұсталған. Тергеу кезінде такси жүргізушісі машинаның ішінде музыка қатты ойнап тұрды және қараңғы болды, сондықтан ештеңе көрмедім және естімедім деген. Ал күдіктіге бес жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр деп хабарлайды басылым.


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста