Қасапшы мал базарында өз әріптесін бауыздап тастаған

Қасапшы мал базарында өз әріптесін бауыздап тастаған

Түркістанда қасапшыны бауыздаған қасапшыға үкім шықты. Мал базарында өз әріптесін бірнеше жерінен пышақтаған 30 жастағы еркек 11 жылға сотталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.

Қанды қылмыс биыл ақпан айында болған.

 

Мал союға таласып қалған қос жігіт жұрттың көзінше төбелескен. Бірнеше мәрте соққы алып таяқ жеген күдікті мал соятын пышақпен қарсыласының аяғын жарақаттап, одан соң тамағын орып жіберген.

 

Бауыздалған 31 жастағы жігіт сол жерде көз жұмыпты.

 

Марқұмның артында кәмелетке толмаған баласы мен әйелі қалды.

 

Қайғыдан қан жұтқан марқұмның туыстары ауыр қылмыс жасаған сотталушыға берілген жаза тым жеңіл деп санайды. Олар сот үкімімен келіспей, апелляцияға шағым түсірмекші.

 

Құрбанкүл Дайрабаева, марқұмның анасы:

 

- ҚР ҚК 99-бабының бірінші бөлігі бойынша 8 жылдан 15 жылға дейін. Бірақ анасы ретінде мен қарсымын. Мен әлі де ізденемін. Әлі іштен топты шығарам, барлық дүниені шығарамын. Қашан жаным кеудемнен шыққанша, соңына дейін барамын.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста