Полиция бөлімінде өлген жігіттің ісі бойынша 5 полицейге үкім шықты

Қоғамдық резонанс тудырған оқиға өткен жылы Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында болды, деп хабарлайды Экспресс К.

 

2020 жылдың 17 қазанында күндізгі уақытта Мақаншы ауылдық округі полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғын Азамат Оразалыны "мал ұрлығы" бойынша күдікті ретінде ұстап әкеткен. Сол күні оның полиция бөлімшесінде көз жұмғаны белгілі болды. Бұны естіген ауыл тұрғындары дереу полиция ғимараты алдына жиналып, мән-жайды түсіндіріп беруін талап еткен. Алайда нақты жауап болмағандықтан, олар бөлімшеге баса-көктеп кіріп, мәйітті өздері іздейді. Марқұмның денесі жедел уәкілдің кабинетінен табылған. Тұрғындар Азамат Оразалының азаппен өлтірілгенін айтып, наразылыққа шықты. Ашулы халықты басу үшін ауылға Шығыс Қазақстан облысының әкімі барып, тұрғындарды сабырға шақырды.

 

Азамат Оразалы / Видеодан кадр

 

Ауыл тұрғынының өлімінен соң "Азаптау" бабы бойынша іс қозғалды. Алты полицей жұмыстан босатылып, олардың үшеуі қамауға алынды.

 

Араға бір жылдан астам уақыт салып, атышулы іске сот нүкте қойды. Бұл сот отырысына ауылдың тағы бір тұрғыны жәбірленуші ретінде қатысты. Оның айтуынша, кісі өлімі болардан екі күн бұрын полицейлер одан да жауап алып, бөлімшеде қысым көрсеткен.

 

facebook.com/AkhmetovDanialkz

 

Марқұмды қалай азаптады?

 

Видеодан кадр

Сот дерегіне сүйенсек, бөлімшеге жеткізілген Азамат Оразалыға полицейлер басшылықтың нұсқауымен күш қолдану арқылы "мал ұрлығы" қылмысын мойындатпақ болған. Екінші қабаттағы мәжіліс залында оны әбден қинаған. Еденге жығып, аяқ-қолдарын скотчпен байлаған. Басына полимерлі пакет кигізіпті. Осылайша денесіне және психикасына зақым келтіру үшін тыныс алу органына ауаның келуін бірнеше рет бөгеуге тырысқан. Алайда марқұм жасамаған қылмысты мойындаудан бас тартады.

 

Осы сәтте полицейлердің бірі оның арқа тұсынан келіп, шынтағымен мойнын қылқындыра бастайды. Азамат соданс сағат 17.00 шамасында көз жұмған. Тәртіп сақшылары мәйітті криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі Ардақ Қалиевтің кабинетіне апарған.

 

Кейінірек тәртіп сақшылары қылмысты жасыру мақсатында бөлімшедегі бейнебақылау құрылғысын ғимараттан алып шығып, ондағы жазбаны өшіріп тастапты.

 

Өлім себебі

 

Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша өлімнің тікелей себебі мойнын басып-жаншу салдарынан болған механикалық қылқындыру (асфиксия) болып шығады. Қорытындының синтездеу бөлігіндегі деректерге сәйкес, 1987 жылы дүниеге келген ер адам өлімі бөгде қолмен, білекпен немесе иықпен мойын органдарын басып-жаншудың салдарынан болған механикалық қылқындыру (асфиксия) салдарынан болған.

 

Үкім

 

Айыпталушылар — Мақаншы полиция бөлімінің бастығы қызметін атқарған Бауыржан Жапаров, учаскелік полиция инспекторлары Мархабат Ноғаев, Фархат Септегенов, Қуат Ыдырышбаев пен криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі Ардақ Қалиев. Оларға "Азаптау", "Қылмыстық құқықбұзушылық жасауды ұйымдастырған немесе орындалуына басшылық ету", "Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану", "Қылмысты жасырып қалу" баптары бойынша айып тағылды.

 

Үржар аудандық №2 сотының үкімімен айыпталушылар 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

 

 

Айыпталушыларға төмендегідей жаза берілді:

 

Бауыржан Жапаров — 9 жыл түрме жазасы, полиция майоры атағынан айыру;

 

Мархабат Ноғаев — 6 жыл түрме жазасы, полиция капитаны атағынан айыру;

 

Фархат Септегенов — 5 жыл түрме жазасы, полиция капитаны атағынан айыру;

 

Қуат Ыдырышбаев — 7 жыл түрме жазасы, полиция капитаны атағынан айыру;

 

Ардақ Қалиев — 5 жыл түрме жазасы, полиция капитаны атағынан айыру.

 

Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

Еске салсақ, 8 желтоқсанда Шымкенттегі Полиция департаментінде де 31 жастағы Нұрболат Жұмабаев көз жұмды. Экспресс К тергеу кезінде көз жұмған қостанайлық жігіт туралы бұған дейін жазды.

 

Оқиға болған күннің ертеңіне қайтыс болған жігіттің әкесі ұлын полицейлер ұрып өлтіргеніне сенімді екенін айтты. Ал Полиция департаментінің бастығы журналистерге марқұм тергеу кезінде өзін жайсыз сезініп, кенеттен қайтыс болды деп мәлімдеді. Кейінірек Шымкенттің бас полицейі қайтыс болған жігітке полицейлер тарапынан күш қолданылғанын мойындады.

 

Медициналық сараптама қорытындысы бойынша Нұрболат Жұмабаевтың неден өлгені белгілі болды.

 

Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, өлімге әкеп соғу) қылмыстық іс қозғалды. Алты полицей ішкі істер органдарынан шығарылды.

 

Тергеу сотының санкциясымен үш лауазымды полицей (екі подполковник, бір полковник) екі айға қамауға алынды.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста