Петропавлда екі күн бойы атыс болды
Петропавлда екі күн бойы атыс болды. Алғашында тұрғындар, экстремистердің әрекеті ме деп, үрейленгендерін айтады. Сөйтсе, бейбіт күнде шаһарды басына көтеріп, тапаншамен оқ атқандар қаланың жастары екен.
Адам шығыны болмаса да, жараланғандар бар. 19 жастағы бір жігіт аяғынан айырылып қалды. Полицейлер қылмысқа қатысы бар деп үш күдіктіні ұстапты. Алайда, зардап шеккен баланың ата-анасы нағыз қылмыскер бостандықта тайрандап жүр дейді.
Жастар арасындағы текетірес қаладағы түнгі клубтардың бірінен шыққан. Жанжал 19 бен 21 жас аралығындағы азаматтардың арасында болған. Жағажыртыс кезінде бірі травматикалық тапаншамен оқ жаудыруады. Қолына тиген оқтан Ербол Хамитов қан-жоса болып жарақаттаған дейді жақындары. .
ҒАЛЫМКЕРЕЙ ҚҰСАЙЫНОВ, Ербол Хамитовтың әкесі:
- Травматикалық тапаншамен крысаларды өлтіріп жүрген сияқты. Шалбарының ішінен пистолетті алып шығып, атты да спокойно кетті.
Жақындарының сөзінше, Ерболды бұзақылар екінші рет сөзбе-сөз әңгімеге шақырып, бірақ бұл жолы пневматикалық тапанша және шолақ мылтықпен аяғынан атқан. Оған қоса, жуан таяқпен соққының астына алып, жалғыз жігітке үшеуі бас салған дейді. Қан-жоса болып ауруханаға түскен Ербол Хамитовке тез арада ота жасап, өмірін қыл үстінен алып қалған.
ГАЛИНА МӘМЕТОВА, № 1 қалалық аураханасының бас дәрігері:
- Сол жақ аяғына ампутация жасауға тура келді. Өйткені аяғы жансызданып кетті. Көп қан жоғалтқан дейді. Ес-түссіз жатыр.
Қазір жігіт өздігінен дем ала алмайды, ағзасы арнайы апаратқа қосылған. Ал полиция іске қатысты үш адамды ұстаған. Бірақ туысқандары нағыз оқ жаудырған азамат бостандықта жүр дейді. Қаладағы лауазымды қызметкердің баласы жазадан құтылып кетуі мүмкін екенін айтады.
ҒАЛИЯ АЛПЫСБАЕВА, Ербол Хамитовтың анасы:
- Тима деп айтады дейді. Ол бастықтың баласы, оған ештеңе болмай деп айтады дейді. 19-да ғана жасы. Өмір бойына аяғынан айырылып қалды. Оның алды да бар ғой. Спортсмен еді.
СӘН ЖҰМАҒАЗИНА, СҚО ІІД маманы:
- Бұзақылық жасағандары үшін күдікті облыс орталығының үш тұрғыны анықталды және ұсталды. Тергеу барысында екі жас жігіттің арасында жанжал туындағаны, екі жақ өздерінің таныстарын туындаған дауды шешуге тартқаны белгілі болды.
Әзірге қылмыстық кодекстің «бұзақылық» және «адам өміріне қастандық жасау» баптарымен үш күдіктіге қатысты іс қозғалған.