Өз қызын зорлағанын видеоға түсіріп, ғаламторға жіберіп отырыпты
Павлодар облысында өзінің туған қызына зорлық көрсетіп келген «педофил әкенің» ісі сотта қаралып жатыр. Екібастұз қаласының 38 жастағы тұрғыны Денис Клеменцов өз қызына 2 жыл бойы әлімжеттік көрсетіп, жыныстық қатынасқа итермелеп келген. Арсыз әке кәмелетке толмаған қызына көрсеткен зорлығының бейнебаянын ұялы телефонға түсіріп, ғаламторға жіберіп отырыпты. Қазір педофил әкенің ісін сот жабық режимде қарап жатыр. Бір-екі күнде қылмыскерге үкім шығарылады. Сондай-ақ сот педофилмен бірге қызды интернет арқылы тауып, зорлаған Екібастұз қаласы тұрғынының ісін де қарауда. Мемлекеттік айыптаушылар педофилге ауыр жаза кесуді сұрауда. Светлана Маркина, Павлодар облыстық ауданаралық мамандандырылған сотының баспасөз хатшысы -Озбырлыққа барғандардың екеуі де Екібастұз қаласының тұрғындары. Әкесі қызын интернет ресурстарға шығарып, сексуалды қызмет түрлерін ұсынған. Ал бала болса қорыққандықтан барлығын жасырып келіпті. Шындықты уақыт өткеннен кейін, әжесіне ғана айтқан. Ал әжесі дереу құқық қорғау органдарына шағымданған.
khabar.kz