Өскеменде құрбылары жабыла сабаған қыздың ісіне қатысты сот үкімі шықты

2023 жылы 5 шілдеде мамандандырылған ауданаралық сот Өскеменде оқушы қызды жабыла соққыға жыққан кәмелетке толмаған сотталушыларға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Соттың баспасөз қызметі 2023 жылдың 1 наурызында "АДК-Ривер" сауда ойын-сауық орталығында кәмелетке толмағандар - Т. және О. алдын-ала сөз байласып, кәмелетке толмаған жәбірленуші Д-ға дене жарақатын келтіргенін нақтылайды.

 

"2023 жылы 2 наурызда кәмелетке толмағандар - Т. және А. өзара сөз байласып, кәмелетке толмаған жәбірленуші Д-ның бетіне, денесіне бірнеше рет соққы береді, ары қарай күш қолдану арқылы адамның қадір-қасиетін қорлау мақсатында жәбірленушіні іш киімін шешуге мәжбүр етті және болып жатқан жайтты телефон камерасына түсірді. Сотталғандар өз әрекеттерін 50 мың теңге талап еткен А. және Т-ға беру үшін түсірілген видеоны интернетте саламын деп қорқытып, ақша таппақ болған ниеттен туындағанын жеткізді"- деп мәлімдеді ШҚО кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

 

Сотталушы А. мен Т. ақша бопсалағандарын мойындамады, кінәні ішінара мойындады. Айыпталушы О. кінәсін толық мойындады.

 

Сондай-ақ сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, бейнежазбалармен, заттай дәлелдемелермен расталғаны айтылады.

 

Сонымен қатар, сот O-ның шын жүректен өкінш білдруі және кінәсін мойындауын жеңілдететін жағдайлар деп таныды.

 

Сотталушылардың аса қатыгездікпен, садизммен, қорқыту-үркітумен, сондай-ақ жәбірленушіні азаптау сипатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтары қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жай ретінде танылды.

 

"Істің мән-жайын және сотталушылардың жеке басын, жәбірленушілердің пікірлерін, құқыққа қайшы әрекеттердің сипатын, залалды өтеудің орындалмауын ескере отырып, А. мен Т-ға қатысты ҚР ҚК  293-бабы 2-бөлігі 1-тармағының бойынша 1 жыл бас бостандығын шектеу, ҚР ҚК 194-бабы, 2-бөлігі 1,2-тармағы бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады, сонда түпкілікті жаза - 3 жыл бас бостандығынан айыру. О-ға 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды" – деп хабарлайды ШҚО кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

 

Жәбірленушінің пайдасына 9 000 000 теңге сомасында моральдық залады өтемақы өндірілді.

 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста