Нұр-Сұлтанда банк қызметкері 19 адамға заңсыз кредит рәсімдеген

Нұр-Сұлтан қаласындағы банктердің бірінде жұмыс істейтін жас жігіт 19 адамға заңсыз кредит рәсімдеген. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды polisia.kz.
Құқық қорғау органдарына бірінші болып Қарағанды қаласының тұрғыны арызданды. Белгісіз біреу 50 жастағы әйелдің мойнына 2 миллион 100 мың теңгенің кредитін іліп кеткен. Тергеушілер несиенің астанадағы банктердің бірінде рәсімделгенін анықтады. Содан тәртіп сақшылары жәбірленушінің жеке мәліметтерін алуға мүмкіндігі бар адамды іздестіруге кіріскен.
 
"20 сәуірде шұғыл іздестіру шаралары барысында криминалды полиция қызметкерлері 19 жастағы қала тұрғынын құрықтады. Ол заңсыз кредит рәсімделген қаржы ұйымының менеджері болып шықты", - дейді полицейлер.
 
Сотқа дейінгі тергеу аясында жігіттің тағы тура сондай 18 қылмыс жасағаны анықталды. Олардың барлығы – басқа өңірлердің тұрғындары. Қазіргі кезде залалдың сомасы есептеліп жатыр.
Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) тергеу шаралары басталды. Алаяқ үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін. Мүлкі тәркіленеді.

sputnik.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста