Мұғалімдер 30 мың теңгенің сыйлығын алса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады - Антикор

Мұғалімдер 30 мың теңгенің сыйлығын алса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады - Антикор

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мұғалімдерді сыйлық алудан бас тартуға шақырып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Департамент мәліметінше, жыл сайын мектептерде соңғы қоңыраулар, бітіру кештері және мұғалімдер мен мектеп директорларына қымбат сыйлықтар тарту орын алады. Оқушылардың ата-аналары қосымша шығындарды көтермеуі керек. Қазақстанда орта білім тегін беріледі. Барлық мектептерде алымдарға қатаң тыйым салынады.

“Осыған қарамастан, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 1424 Call-орталығы арқылы мектептердегі алымдар фактілері бойынша 20-дан астам өтініш түсті. Бұл ретте, ведомствода аталған заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік туралы еске салынған",- делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, мектеп директорлары үшін заңсыз материалдық сыйақы мен пара алу үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік шарасы – 600 АЕК көлеміндегі айыппұл (ҚР ӘҚБтК 677 – бабы), қылмыстық үшін – мүлкі тәркілене отырып, пара сомасының 20 еселенген мөлшеріндегі айыппұлдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген (ҚР ҚК 366-бабы).

Сондай-ақ мұғалімдерге құны 10 АЕК-тен асатын сыйлықтар беруге тыйым салынады (ҚР АК 509-бабы). Өзге жағдайда 2000 АЕК дейін айыппұл түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген (ҚР ҚК 247-бабы).

Егер Сіз ата-аналардан немесе қызметкерлерден ақша жинау фактілері, сондай-ақ басқа да сыбайлас жемқорлық туралы білсеңіз, 1424 Call-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз. Азаматтардың барлық өтініштері міндетті түрде қаралады, қажетті шаралар қабылданатын болады.

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста