Мектепте таяқ жеген 5-сынып оқушысы қайтыс болды – Түркістан

Түркістанда мектепте таяқ жеген 5-сынып оқушысы қайтыс болды. Оны ақша тауып бере алмағаны үшін сотқар сыныптасы мектептің дәретханасында ұрып-соққан дейді әжесі. Жарақат алған балақай бірнеше күн ауырып, ақыры ауруханада көз жұмған,  деп хабарлады КТК арнасы. 

Марқұмның жақындары оқушыларға бас-көз болмаған мектеп ұжымы мен дер кезінде көмек бермеген дәрігерлерге наразы. Қаралы отбасына КТК тілшісі барып қайтты.

- Жаным-ау, жаным, мені тастап қайда кеттің? Жанеем, кім ұстайды енді бұл сумканы, кім ұстайды, жаным-ау!

Тұңғыш немересі Рамазанның денесін бірер сағат бұрын ғана жерлеген әжесіне көк сөмкені құшақтап егіліп жылағаннан басқа қайран жоқ. Өткен жұма күні мектепке кеткен оқушы сабақтан соққы жеп келген. Денесі ауырсынып, демалыс күндері дәрінің көмегімен әрең жүріпті. Ал дүйсенбі күні ауырып тұрса да, мектепке кеткен бала үйге келісімен тағы құлайды. Әдетте ешкімге шағымданбайтын Рамазан сол күні әжесіне сотқар сыныптасынан таяқ жегенін жайып салыпты.

Гүлнар Маханова, марқұмның әжесі: - Оны дәретхананың ішінде ұрыпты. Дәретханаға кіргенде бұл да кіріп ұрған. Басынан қатты соққы алған. Қан ұйыпты басына, одан кейін тамыры қысылып қалған деді. Содан да неғылған деді. Иә, бүйрегі де ісіп кеткен. Ол ата-аналар, көп адам айтады екен. Жуас балалардан тиын-тебен алады екен. Ана бала: «мен осы сыныптың атаманымын» дейді екен. Соған енді ақша беру керек екен, атаманға. Қазір сонда әлімжеттік боп тұр ғой.

Рамазан оқыған №18 мектеп-гимназияда әлімжеттік көп орын алады деген әңгіме ата-аналар арасында көп айтылады екен. Бірақ мектеп директоры оны жоққа шығарды. Тіпті ата-аналармен жиналыс та өткізіпті. Бірақ ол отырыста сыныптағы сотқарлық туралы сөз болған жоқ дейді директор.

Уәлихан Бесімбаев, Ж.Еділбаев атындағы мектеп-гимназияның директоры: - Соққы жеді деген болған жоқ. Бірақ солай айтылған. Бірақ біз, міне, ата-аналармен де жұмыс жасалынды. Бізге айтылғаны сынып жетекшісінің несін бізден ауыстырып, шамалы қаталдау, талапшыл сынып жетекшісін қойсаңыз деген ұсыныс айтып кетті. Ондай бір баламыздың жағдайына қорқамыз немесе мынадай деген мәселе болған жоқ.

Мектептің іші-сыртына түгел бейнебақылау камерасы орнатылған. Бірақ жұма күні дәретхана маңындағы камера істен шыққан дейді директор. Тіпті таспаны кері айналдыруды білетін мектепте маман жоқ деп құтылды. Десе де бұл іске қазір полиция араласып жатыр.

Салтанат Қаракөзова, Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы: - Түркістан қаласының полиция басқармасының қызметкерлерімен тексеру жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Сараптама қортындысы бойынша заң шеңберінде нақты шешім қабылданады.

Құрсақта жатқанда әкесіз қалған Рамазанды әжесі бауырына басып өз ұлындай өсірген екен. Енді небәрі он жасар немересінен айрылған әжесі құзырлы орындардың барлығына шағым түсірмек. Олар мектеп дәретханасында соққыға жығылған оқушыға бас-көз бола алмаған мектеп басшылығын түгел тексерсін деп талап қояды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста