Мәскеуліктер 14 жыл іздеген жезөкше Ақтаудан табылды

Ақтауда «STOP-Трафик» жедел-алдын алу шарасы барысында 17 жезөкше тіркеуге қойылып, олардың арасында Мәскеу ФҚҚБ 14 жыл бойы іздеп жүрген әйелдің бар екені анықталды.

Азаматшаға Мәскеу қаласының ФҚҚБ 2010 жылы 21 маусымда мемлекетаралық іздеуге жариялаған.

Бұл мәлімет Маңғыстау облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы Әлия Шермағамбетованың айтуынша, жедел-алдын алу шарасы кезінде 17 жезөкше анықталып, тіркеуге қойылғаннан кейін белгілі болған.

Солардың ішіндегі 35 жастағы Қазақстан азаматшасы бар. Ол Ресей Қылмыстық кодекстің 327 бабы 3 бөлімі, 322 бабы 1 бөліміне («Жасанды құжаттарды, мемлекеттік наградаларды, мөртаңбалар, бланктерді жасау немесе сату» және «Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өту») сәйкес іздеуде жүрген екен.

Қазіргі таңда ұсталған қылмыскерден ешқайда кетпеу туралы қолхат қолданылды алынды – дейді Шермағамбетова.

Сондай-ақ адам саудасы фактісі анықталды.

Белгілі болғандай 1980 жылы туған Алматы тұрғыны А. есімді азаматты П. деген ер адамға сатқан. Бұл азамат оны Маңғышлақ стансасында пойыздан қарсы алып, «Татьяна» бау-бақша серіктестігіндегі жекеменшік үйге апарған.

Мұнда оның жеке куәлігін алып қойып, жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Кейін А. үйден қашып шығып, қоғамдық бірлестіктен көмек сұраған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

nur.kz 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста