Маңғыстау полицейлері ғаламторда интимдік фотосуреттер жариялаған азаматтарды ұстады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE.KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
“Anti fraud” ЖПІШ барысында Кizdar net сайтына лақап атпен интимдік қызмет көрсету мақсатында тыйым салынған суреттерді жариялаған тұлғалар анықталды. 31 және 38 жастағы заң бұзушылардың жеке бастары анықталды.
Аталған дерек ҚР ҚК 311-бабы “Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату”бойынша тіркелді.
Қазір сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.