Маңғыстау облысында екі қызды зорлады деген күдікті терезеден секіріп кетті

Маңғыстау облысында екі қызды зорлады деген күдікті терезеден секіріп кетті

Маңғыстау облысында 16 және 12 жастағы қыздарды зорлады деген күдікпен ұсталған ер адам полиция бөлімшесінде терезеден секіріп, өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап жазды.

Бұл ақпаратты Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері растады. Оқиға 5 ақпанда Маңғыстау облысындағы аудандардың бірінде болған. Әйел 16 және 12 жастағы кәмелетке толмаған қыздарды зорлау дерегі бойынша полицияға арызданған.

 

Тергеу барысында күдікті қыздардың ата-анасының жақын досы екені белгілі болды. Ер адам 2019 жылдан бастап, 4 жыл бойы қыздарды зорлап келген.

 

Құқық қорғау органдары қыздарды зорлады деген күдікке ілінген жергілікті тұрғынды ұстаған. Ер адам өз кінәсін мойындап, кейін полиция бөлімінің терезесінен секіріп кеткен. Бірнеше күннен кейін ол ауруханада қайтыс болған.

 

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі ("Бірнеше рет зорлау") бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиіс сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа да мәліметтер жария етілмейді", - деді полиция қызметкерлері.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста