Көлігінен өлі қарақұйрық табылды: Түркістан облысында табиғат инспекторы аң атып жүрген жерінен ұсталды
Түркістан облысында табиғат инспекторы аң атып жүрген жерінен ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Оңтүстікте жануарларды қорғауы тиіс инспектор жұмыс уақытында аң атып жүрген жерінен ұсталды. Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияның қызметкері Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты аулаған.
 Полицейлер формадағы инспектор мен жанындағы екі серігін саят құрып жүрген жерінен қолға түсірді.  
"Мемлекеттік инспектор. Жоқ, мені танитын шығарсыз?Жоқ, беймарал аша бер, аша бер", - дейді ол. 
Шардара ауданындағы рейд кезінде полицейлер күдік тудырған "Нива" мен "Уаз" көлігіне тоқтауды бұйырады. Алайда күдіктілер қаша жөнелгенде көліктің дөңгелегінен атып тоқтатқан.
Stan.kz