Бұл туралы Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады. Құқық қорғаушылары аталған қылмыстың «Стоп трафик» жедел операциясы шаралары кезінде анықталғанын атап өтті.
Полиция қызметкерлерінің деректері бойынша 1-5 желтоқсан аралығында 16 рейд шаралары өткізіліп, адам саудасына қатысты 6 бірдей қылмыс ізі суымай ашылған. Рейд шараларына Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің барлық бөлімдері атсалысып, Барлық көңіл көтеру орындары мен сауналар, өндіріс нысандары толықтай тексерілді, - деді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.
Шара қорытындысында 22 жасар қыздың 15 мың теңгеге сатылып кете барған факті де белгілі болды. Аталған қылмыстық факт бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 128 бабының 1 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, 18 және 22 жасар қыздар жезөкшелікпен айналысса, 3 адамның жеңгетайлықты кәсіп еткендері әшкереленді. Бұл істер бойынша да қылмыстық істер қозғалды.
Көкшетауда 22 жасар қыз жыныстық құлдыққа сатылды
- 17
Читайте также
Астанада бір оқушы сыныптасын қалам сұғып өлтірді
Қызылорда облысында көңілдесін өлтірген экс-полицей сотталды
Ақмола облысында жұмысшылардың қазасына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Каннибал Николай Жұмағалиев жабық типтегі емдеу мекемесінде қала береді
Елімізде «егіз көліктер» пайда бола бастады
Безнесмендерді ұрлап, бопсалаушылықпен айналысқан қылмыскерлер сотталды
Последние статьи автора
- 362
- 528