Кентау әкімінің орнынтағын 4 миллион теңгеге "сатқан"

Кентау әкімінің орнынтағын 4 миллион теңгеге "сатқан"

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Кентау қаласының әкімі лауазымын 4 миллион теңге ұсынған әйелге қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.

Сотта мәліметінше, жауапкер Д., Кентау әкімі лауазымына жұмысқа орналастырамын деген желеумен А.-мен 4 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйақыға келіскен. Ол А.-дан 650 мың теңге алдын ала төлем алған. Сонымен қатар, әйел М.-дан 4 миллион теңгеге банк директоры қызметіне орналастырамын деп, 3,6 миллион теңге көлемінде қаражат алған.

 

"Сотталушы қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаудағы кінәсін толық мойындамады. Д.-ның кінәсі жәбірленушілер мен куәлардың айғақтары, хат-хабарлардың скриншоттары, аудиохабарламалар және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді", - деп түсіндірді сот.

 

Сотталушы келтірілген шығынды ішінара өтеген. Сонымен қатар, сот әйелдің үш кішкентай баласы барын назарға алды.

 

"Осы баптың санкциясында шектеу немесе 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Сот үкімі бойынша, Д. ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1, 4-тармақтарында ("Ірі көлемде, бірнеше рет жасалған алаяқтық") көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды", - делінген хабарламада.

 

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары толығымен қанағаттандырылды.

 

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста