Эксклюзив: Алматыдағы ең ірі қару-жарақ дүкені қалай тоналды? (видео)

Қаңтардағы бүлік кезінде террористер көздеген нысандардың бірі "Қорған" дүкені болатын. Оңтүстік астананың аңшы қауымы жиі бас сұғатын сауда орталығында отты қару мен басқа да керек-жарақтың мол екенін білетін басбұзарлар қара ниеттерін жүзеге асыру үшін аянып қалмапты. Дүкен әкімшілігі Экспресс К тілшілеріне террористердің шабуылы кезінде жазылып алынған бейнематериалды ұсынды.

2022 жылдың 5 қаңтары күні сағат 16:20-да дүкеннің жанынан "Газель" көлігіне мінген бір топ адам түседі. Жүрістері суыт жігіттер әй-шайға қарамастан есік-терезені сындырып ішке лап берген. Әп-сәтте сөрелер мен залда тұрған заттарды сыртқа таси бастаған олардың іздегені қару-жарақ еді, деп хабарлайды Экспресс К.

Дүкенге шабуыл жасалардан бірнеше минут бұрын ғимарат жанында тұрған "Күзет" қызметінің белгісіз бағытқа кетіп қалғаны белгілі болды. "Қорғанның" күзетшілері аз ғана күшпен содырларға қарсы тұра алмасын түсініп, шегінуге мәжбүр болды.

Бүлікшілер алдымен бірінші залдағы қанжар, аңшының шатыры, сырық секілді заттарды қолды қылады. Бірақ олардың көздегені отты қару сақталған қойма болатын. Болатпен қапталған есікті ашу үшін шақырылмаған қонақтар қолдан келгенді жасап бақты. Полицейлерден тартып алған гранатаны жарды, балтамен шапты. Дүкен әкімшілігі берген бейнематериалдардан содырлар арасында БҰҰ бітімгерлік күштеріне тиесілі көгілдір каска киіп алғандар мен террактілер кезінде басбұзарлардың жолбасшысы болған қызыл күртелілерді де байқауға болады.

Бейнебақылау камерасының істен шығуы себепті болат есікті ұзақ айналдырған террористердің әрекеті немен аяқталғанын бағамдау қиын. Белгілісі — негізгі залдағы аңшы қаруы мен ыдыс-аяқ, қолшам, дүрбі тағы да басқа саятшылыққа алып шығатын заттардың бәрі қолды болған.

Бір қызығы — балықшыларға қажет құралдардың бәрі орнында. Бұдан содырлар арасында балықшылар болмады деп пайымдауға болады.

Екі залдың сау-тамтығын қалдырмаған бүлікшілер VIP-залды да талқандап кеткен. Сондағы олардың қол жеткізгені — құны 1,5 миллион теңгеден асатын коллекциялық қарулар. Әдетте мұндай жарақты аңшылар бір-біріне сыйлыққа тартатыны бар, бірақ қару есебінде мұндай мүліктің қажетке жарай қоюы екіталай дейді мамандар. Дүкенге шабуыл жасағандар дәл осындай қарудың 60 данасын өздерімен бірге алып кеткен.

Қауіпсіздік тәртібі бойынша отты қару есігі мығым, қабырғасы қалың арнайы қоймада сақталуға тиіс. Террористер "Қорған" дүкенінің аталған тәртіппен жасақталған залына кіру үшін темірді автогенмен кесіп, қабырғаны балталап ішке кіреді. Бірақ қолға түсірген қарудың бірде-бірі атылмайтынын олар білмесе керек. Себебі, қауіпсіздік ережесіне сай сатуға шығарылатын қарудың барлығының оқпаны бітелуге тиіс болатын.

Қару жинап қарық болмасын түсінген содырлар есесіне дүкендегі киімнің түгін қалдырмай жинап алып кеткен. Бейнекөріністегі олардың әрекеті жаппай жеңілдік жарияланған жайма базардағы ессіз сатып алушылардың тірлігіне қатты ұқсайтынын айта кету керек.

Қанша тырысса да террористер оқ-дәрі мен негізгі қару-жарақ қорына жете алмаған. Дүкеннен керегін ала алмаған бүлікшіл топ өз жөндеріне кеткеннен кейін "Қорған" мародерлердің талауына қалады. Жолындағысының бәрін жайпап келе жатқан тонаушылар берекесіз шашылып жатқан үрлемелі қайық, оған иесілі моторлар мен басқа да бөлшектерді көлікке асығыс тиеп жатқанын байқауға болады. Араларында әйелдер де бар. Солардың бірінің аңшының шатырын сыртқа сүйреп келе жатқан сәті камераға түсіп қалған.

"Қорған" екі күн бойы басбұзарлардың ордасына айналған. Тек 7 қаңтар күні ғана жұмысқа келген дүкен қызметкерлері ғимараттың сау-тамтығы қалмағанын көреді. Бүліктен кейінгі тазарту жұмысы барысында қызметкерлер алты тоннадан астам қираған әйнекті тазалауға мәжбүр болды.

Дүкенге келген жалпы шығынның көлемі — екі миллиард теңге. Қаңтардағы қырғын кезінде содырлар елдегі қару-жарақ дүкендеріндегі 6.4 миллиард теңгенің мүлкін қолды қылыпты. Полицейлердің мәліметіне сүйенсек, ел арасында жасырынып жүрген басбұзарлардың қолында әлі де дүкендерден ұрланған 10 мыңға жуық қару бар.

"Қорғанға" жасалған шабуылдың естелігіндей болған оқ іздері сөрелерде әлі бар. Сауда орнының қожайыны жаңа тауар алып келіп, дүкен жұмысын жандандырғанымен қалыпты тірлікке көшуге әлі ерте. Мемлекет бизнеске келген шығынның өтемін әлі аудармаған.

Бұған ЭК Алматыдағы Ұлттық мұражай маңынан көптеген қару-жарақ табылғанын хабарлаған болатын. Сондай-ақ, қақтығыс кезінде қару таратқандар өз кінәларын мойындағаны туралы материал да жарық көрді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста