Өскеменде екі бопсалаушы ұсталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
26 шілдеде жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ШҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлеріне Өскемен қаласының екі тұрғыны қала тұрғынынан күштеп ақша алғаны туралы ақпарат келіп түскен.
Дабыл алғаннан кейін тәртіп сақшылары дереу тексеруге кіріскен, оның барысында ҚР ҰҰ арнайы бөлімшесімен бірлесіп фигуранттарды сәтті ұстаған. Олар 25 және 26 ер адамдар болып шықты.
Белгілі болғандай, күдіктілер жәбірленушіні қорқыту үшін қала сыртына күштеп апарған. Олардың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде ІРhone 14 Pro маркалы екі ұялы телефон, 800 мың теңге сомасындағы ақша және Mercedes-Benz автокөлігін иеленгені белгілі болды.
Ұсталғандар жасаған әрекеттерін мойындап, заттай дәлелдемелер, оның ішінде 400 мың теңге көлемінде қаражат ішінара алынды.
Сонымен қатар ЖІІШ барысында ұсталған автокөлікті тексеру барысында көлік салонында аңшылық мылтықтың кесіндісіне ұқсас зат және 4 дана патронға ұқсас заттар табылып, тәркіленді.
Маманның қорытындысына сәйкес, қаруға ұқсас зат – қосаусыз тегіс ұңғылы аңшылық мылтықтың кесіндісі екендігі белгілі болды. Мылтықтың бұл кесіндісі тегіс ұңғылы аңшылық қаруға арналған 12 калибрлі оқ-дәрілерді атуға арналған.
Анықталғандай, қару атуға жарамды болып шықты.
Тәркіленген заттар саны 4 дана, патрондарға ұқсас-тегіс ұңғылы аңшылық мылтық қаруына арналған 12 калибрлі патрондар.
Зерттелген патрондар зауыттық тәсілмен жасалған (жабдықталған) және тиісті калибрлі патронмен қаруды атуға жарамды.
Қазіргі уақытта күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы 3-бөлігі (Қорқытып алу), 125-бабы 2-бөлігі (Адамды ұрлау), 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz