Безнесмендерді ұрлап, бопсалаушылықпен айналысқан қылмыскерлер сотталды
Қарағандыда бір топ бұрынғы спортшы бизнесмендерді ұрлауды кәсіп қылған. Олар құрбандарын елсіз жерге апарып, соққыға жыққан. Тапанша кезеп, өз өмірлері үшін ақша беруін талап еткен. Бұл туралы “Время” газетіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Безнесмендерді ұрлап, бопсалаушылықпен айналысқан бір топ қылмыскерлерге қатаң жаза тағайындалды.
Қылмыстық топтың басшысы қалада Генай есімімен танымал Еркін Сағитов екені анықталды.
Айта кетерлігі, Сағитовті героин сақтағаны үшін айыптамақшы болған. Алайда, Сағитов кінәсіз екендігін дәлелдеп, жалған айып таққандардан соттың көмегімен 800 мың теңге өтемақы алды.
Қылмыстық топ 2013 жылы құрылды. Топтың құрамында балуан-спортсмендер Рүстем Ғафуров, Сурен Тоноян, Олег Ходжаев, Рүстем Парманов және Куду Кудуев болған.
Сағитовтің алғашқы құрбаны кәсіпкер Кудинов болды. Банда мүшелері одан тендерлік құжат дайындауда көмек сұрап, кейін кәсіпкердің қателігінен сайыстан жеңілдік деп шыққан. Олар кәсіпкерді қарауылдап, кеңсесінен шыққанда мачетемен қорқытып-үркіткен. Қорыққаннан тығырыққа тірелген кәсіпкер оларға құны 12 млн доллар тұратын өзінің “Тойота-Прадо” көлігін бере салған.
Қылмыскерлер оны біраз уақытқа жайына қалдырған. Көп ұзамай банда мүшелері жігітті тағы ұстап алып, асфальт зауытының аймағында аяусыз соққыға жыққан. Олар зардап шегушіге қару кезеп, тірі қалуы үшін 1 млн доллар төлеуін талап еткен. Кәсіпкерді қатты ұрып-соққан банда басышысы, талап еткен қаржының мөлшерін 300 мың долларға дейін түсірген.
Топтың келесі құрбандары бизнесмен Савинов пен астаналық кәсіпкер Матиев болды. Жігіттерді алдымен ұрлап, соққыға жыққан қылмыскерлер олардың да қымбат көліктерін тартып алған.
2014 жылы банданың барлық мүшелері құрықталды. Сот оларды кінәлі деп тауып, қатаң жаза тағайындады. Топ басшысы 11 жыл 3 айға, Кудуев 13 жылға сотталды. Қалғандары 10 жылға бас бостандықтарынан айырылды.