Полиция белгілі журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап жазды.
Атырау облысының криминалдық полиция қызметкерлері журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні анықтап, ұстады.
"Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тергеу жалғасуда", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 11 мамырға қараған түні журналист Виктор Сутягиннің көлігі өртеніп кеткен болатын.