Атыраудағы орамалды қыздар ғана оқитын мектептің үстінен іс қозғалды

Атырау қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған сотында «Қазақ ұлттық қыздар мектебі» ЖШС үстінен әкімшілік іс қаралып жатыр деп хабарлады Ақ Жайық басылымы.

Бұдан бұрын Атырау облысы бойынша білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының м.а. Бердібек ТАИШЕВ ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-тармағы («Тиiстi тiркеусiз кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу») бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырып, сотқа жолдаған.

Тағы оқыңыз: Атыраудағы тек орамалды қыздар ғана оқитын мектепке қатысты тексеріс басталды

«Мектеп директоры Жұмазия Жолмұханова менің оқу орнын Ұлттық білім беру деректер қорында тіркеп, мектеп жұмысына рұқсат бергенімді айтады. Бірақ мен ешқандай рұқсат берген жоқпын», – дейді Б.Таишев.

«Кез келген меншік нысанындағы оқу орны Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін лицензия алуға өтініш беруі керек, бірақ бере алмайды. Оны алты айдың ішінде алады. Оқу орны лицензияны алмай тұрып, қызметін бастап кете алмайды. Жарты жыл ішінде лицензия алуға тиісті құжаттары жиналады. Осы уақыт ішінде кез-келген уақытта лицензия алуға өтініш бере алады», – дейді Таишев.

Қазір мектеп жұмыс істеп жатыр. Мектеп директоры Жұмазия Жолмұханова лицензия алу үшін талап етілген құжаттарды департаментке тапсырған.

– ҚР Білім туралы» Заңының 40-бабы 2-1-тармағында, егер оқу орны жұмысын бастаған уақыттан бастап алты ай ішінде лицензия алмаса, онда оның қызметі сот тәртібімен тоқтатылады делінген.

«Білім саласын бақылау департаменті маған 6 ай ішінде лицензия алып, мұғалімдерді жалдап, қажеттінің бәрін сатып алуға үлгеруіміз керектігін айтты. Мен де алты айдың ішінде жұмысқа кірісіп, лицензия рәсімдеу керек екенін, әйтпесе жабылып қалатынымызды түсіндім», – дейді Ж.Жолмұханова.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста