Атырауда туған күнге барған жігітті сыныптастары ұрып өлтірген

Атырауда туған күнге барған жігітті сыныптастары ұрып өлтірген

Атырау облысында сыныптастарының қолынан қаза болған 27 жастағы жігіттің анасы әділдік іздейді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Аdyrna.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап жазды.

Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылының тұрғыны Айгүл Қиықова 13 тамызда ұлын жер қойнына тапсырды. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған ана баламның өз сыныптастарының қолынан қаза болғаны қатты қынжылтады деп зар еңіреп отыр. Айтуынша, сол күні ұлы достарымен туған күн кешіне кеткен екен. Тіпті бір шаруаларымен көмектеспек болып таңертең ерте шығыпты. Үйіме ерте қайтамын деген баласын ішімдікке сылқия тойып алған сыныптастары жібергісі келмей, аяусыз соққыға жыққанын айтады.

 

«Кетіп бара жатқан жерінен Манас сен қайдан шығардың деп, Нұрсұлтанды ұрған сен де жөніңе отырмай, не менің туған күнімде сен көмек сұрайтын кім едің деп сөйтіп төбелескен. Содан, Манас Салықбай Нұрсұлтанды ұрған, содан кейін Ернарды ұрған. Сосын кетіп бара жатқан менің ұлымның қу желкесінен қатты ауыр затпен ұрған. Не тас, не темір», – деді марқұмның анасы Айгүл Қиықова.

 

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері сыныптастарын бөлімшеге алып кеткен. Ал ертесі тек бір күдікті қалып, қалғаны бостандыққа жіберіліпті. Тергеуге алынғандардың айтуынша, басынан соққы алған бойда марқұм сол жерде құлаған көрінеді. Ал сараптама қорытындысы оның бірнеше рет соққы алғанын дәлелдеген.

 

«Құлақтан соққан, желкесінен соққан, басында соққы көп дейді. Оны құлағаннан кейін тағы соққан сияқты. Сонда бүгінгі таңда шөлмекпен ұрған бала қамауда отыр да, ал бағанағы таспен ұрып өлтірген бала тасын да, темірін де жоқ қылып жіберген. Ол бала бостандықта жүр және соны көрген 4 бала да бостандықта жүр», – деді марқұмның анасы.

 

Аудандағы тергеушілерге сенбей, облыстық полиция департаментіне барып істің толықтай ашылуын талап еткен ана «жазықсыздар қамалып, қылмыс жасағандар жауапкершіліктен жалтарып кетпесе екен» дейді. Ол сол туған күн кешінде болғандардың барлығының толық тергеуге ілігуін сұрайды. Ал департамент өкілдерінің айтуынша, тергеу барысында әлі талай өзгеріс болып, жазаға тартылатындар саны артуы мүмкін.

 

«ҚК 106-бабы, 3-бөлігі, яғни денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр. 1995 жылы туылған күдікті қазір қамауда. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Өзге ақпартты қазір Қылмыстық процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес, тарата алмаймыз. Күдіктілердің саны немесе өзге де қылмысқа қатысты ақпарттар тергеу барысында өзгеруі мүмкін», – деді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста