Атырауда 7 жасар баланы өгей әкесінің ағасы зәбірлеген

Атырауда 7 жастағы ұл бала туысынан зәбір көрді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы sputnik.kz тілшісі "Немолчи" қоғамдық қорына сілтеме жасап жазды.

Қордың мәліметінше, жеткіншекті өгей әкесінің ағасы сексуалдық қатынасқа мәжбүрлеген. Туысының қандай әрекет жасағаны туралы көрсетіп, түсіндіріп берген баланың жаға ұстатарлық бейнежазбасын анасы қоғамдық қорға жіберген.

 

Әйел бұған дейін де қайын жұртынан әлімжеттік көріп келген. Туыстары мен күйеуі үнемі ұрып-соққан. Тіпті әйел жүкті кезінде де осындай агрессияға тап болған.

 

Мұндай азапқа шыдамаған әйел суицид жасамақ болған. Абырой болғанда дәрігерлер аман алып қалған. Бала болған оқиғаны айтуға қорыққан. Бірақ келіншек бір сұмдықтың болғанын сезіп, үйінен қашып, полицияға арыз берген.

 

Атырау облысының полиция департаменті баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне осы жағдайға қатысты арыз түскенін растады. Алайда сот санкциясы болмағандықтан күдікті әлі күнге қамауға алынбапты.

 

"Тергеу басқармасы "Көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сот санкция берген жоқ, сол себепті күдікті қамауға алынған жоқ. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", - деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста