Астанада ер адам қызды досына сатқан, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана қаласының Есіл аудандық № 2 соты Ж. есімді азаматты ҚР ҚК-нің 128-бабының 1-тарауы "Адам саудасы" бойынша айыпты деп таныған. Ол досына қызды жезөкшелікпен айналысады деген сылтаумен 50 мың теңгеге сатқан.
"Сот Ж. есімді азаматты екі жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Ер адам жазасын орташа қатаңдықтағы колонияда өтейді. 2017 жылдың 25 шілдесінде Астананың аппеляциялық соты шешімді өзгеріссіз қалдырды", - делінген хабарламада.