Арыстағы қанды оқиға: Оқ атқандардың бірі сот шешімімен бостандыққа жіберілді
Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданында болған атысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталғандардың бірі 2,5 жылға бас бостандығынан айырылыды, деп хабарлайды TVK телеарнасы.
24 жастағы Сабыржан Рахымжанұлы ҚР Қылмыстық Кодексінің 4 бабы бойынша айыпталған. Алайда Қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотта іс «Бұзақылық» бабы бойынша ғана қаралды. Қалған баптар бойынша Ақдала ауылының тұрғыны дәлелдің жетіспеушілігіне байланысты ақталып шықты.
Айыпталушыны сот залынан босатып жіберді. Соттың бұндай шешімі жапа шегуші тараптың наразылығын тудырды.
Еске сала кетейік, 2015 жылдың 22 наурызында Арыс ауданының Ақдала ауылында қанды атыс оиғасы болып, 1 адам қаза тапқан, үшеуі жараланған. Куәгерлердің айтуынша, қаруланған туыс адамдар топ адамға бей-берекет оқ атқан. Атысты басты ұйымдастырушы Ғани Кадыров далада Бағдат Үсеновті атып өлтірген. Екеуі мұның алдында жанжалдасып қалған көрінеді. 2015 жылғы қарашада Қадыров 20 жылға түрмеге жабылды. Үшінші күдікті әлі іздеуде жүр.