Арыста қаскөйлер екі адамды атып өлтіріп, екеуін жарахаттады
Полицейлер Түркістан облысында ауыр қылмыс жасады деген күдіктілерді ұстау бойынша іс-шаралар жүргізуде, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілеме жасап.
5 тамызда екі белгісіз адам Арыс қаласында салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, белгісіз қарудан оқ атып, қашып кеткен.
Үйдің иесі және оған құрылыста көмектескен танысы алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Сондай-ақ құрылысқа көмектескен екі ер адам оқ жарақатын алды. Олар ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. "Ұстап алу" жоспары қабылданды. Күдіктілердің жеке басын анықтау мен оларды ұстау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілуде.
Болған оқиғаның барлық жағдайы анықталуда.
Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz