Арабтарға қыздарды секс-құлдыққа сатқан қылмыстық топ құрықталды

Арабтарға қыздарды секс-құлдыққа сатқан қылмыстық топ құрықталды

Қазақстан ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жас қыздарды Бахрейнге секс-құлдыққа сатқан қылмыстық топтың жолын кесті.

 

Адам саудалағандардың арасында Қазақстан, Ресей және Бахрейн азаматтары бар. Қылмыскерлер ұзақ уақыт бойы Қазақстанның оңтүстігінде тұрмысы төмен 16 мен 25 жас аралығындағы қыздарды алдап, шетелге шығарумен айналысқан, деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Құқыққорғаушылар қыздардың сеніміне кіріп, шетелде жалақысы жоғары жұмысқа тұрғызуға уәде берген қылмыстық топтың мүшелерін анықтады.

 

"Қыздар келіскеннен кейін, төлқұжат рәсімдеу, кәмелетке толмағандарды мемлекеттік шекарадан шығару, оларды Бахрейн корольдігіне жеткізу мәселелерін шешкен", - деп мәлімдеді полиция.

 

Бахрейнге апарған әр қызды 5-15 мың долларға сатқан. Манамаға келгеннен кейін қыздардың төлқұжатын тартып алып, бостандығынан айырып, ұзақ уақыт бойы жезөзекшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Мұндай талапқа көнбегендерді күш көрсетіп, 500 мың теңгеге дейін айыппұл салып жазалаған. Тіпті, басқа "жеңгетайларға" қайта сататынын немесе құқық қорғау органдарына хабарлайтынын айтып қорқытқан. Бахрейн заңнамасында жезөзекшелікпен айналысқаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

 

Қазақстанның ішкі істер министрлігі Қылмыстық кодекстің 135-бабы "Кәмелетке толмағандар саудасы" және 128-бабы "Адам саудасы" бойынша қылмыстық іс қозғады.

 

Бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр. Ұйымдастырушылар ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Айта кетсек, Қазақстанда адам сатқаны үшін мүлкі тәркіленіп, тоғыздан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал кәмелетке толмағандардың саудасы үшін 12-18 жылға түрмеге қамалады.

 

 

sputniknews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста