Ақтөбедегі қанды оқиғаға қатысты тың деректер айтылды

Ақтөбедегі қанды оқиғаға қатысты тың деректер айтылды

Ақтөбеде бүтін бір отбасын пышақтап кеткен қандықол күдікті іздестіріліп жатыр. Ол 35 жастағы келіншек пен оның 16 жастағы ұлын өлтіріп, 13 жастағы қызды ауыр жаралаған. Бес жерінен жарақат алған оқушы қазір жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.

Ал ауыр қылмысқа барған күдіктінің кім екені белгісіз. Тіпті мұндай қылмысқа не үшін барғаны да белгісіз.

 

Қазір тәртіп сақшылары тайлы-тұяғымен бір отбасын қырып тастаған қаныпезерді іздестіріп жатыр.

 

Қанды қылмыс тұрғындар қалашығы ықшам ауданындағы үйдің екінші қабатындағы пәтерде болған. Қазір бұл маң қоршауға алыныпты. Подъезге ешкім-кіріп шыға алмайды.

 

Таңғы сағат бес жарым шамасында тәртіп сақшыларына 13 жастағы оқушы қыз хабарласыпты. Ол анасы мен 16 жастағы бауырын біреулердің пышақтап кеткенін айтқан. Өзі де кісі қолынан жарақат алған.

 

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

 

- Жедел тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйелдің және 16 жастағы ұлының зорлықпен өлген белгілері бар мәйітін тапты. Сонымен қатар қаза тапқан әйелдің 13 жастағы қызы пышақталған, ол балалар ауруханасына жансақтау бөліміне жатқызылды.

 

Қансыраған оқушы қызды дәрігерлер аман алып қалды. Оны қылмыскер бауыздамақ болған көрінеді. Дәрігерлер оның бес жерден пышақталғанын айтып отыр.  

 

Ербол Жапақов, Ақтөбе облысы балалар ауруханасының бас дәрігері:

 

- Мойны кесілген. Ота жасалды. Қазір жалпы жағдайы тұрақты ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр.  

 

Марқұм келіншек осыдан бес-алты жыл бұрын күйеуінен ажырасып кеткен. Күні кеше сол күйеуі өз үйінде асылып өліпті. Енесі қаралы хабарды таң ата тәртіп сақшыларынан естігенін айтады. Онымен қоса келіншектің қайын ағасын тергеуге алып кеткен.

 

Татьяна Игнатьева, Ақтөбе тұрғыны:

 

- Таңғы сағат жеті шамасында тергеу бөлімінен адамдар келіп, ұлымды алып кетті. Сол кезде осы оқиға туралы білдім. Кеше ғана ұлым өзіне қол салып қайтыс болған еді. Жарақат алған София есімді немерем тірі қалды. Оны әлі маған көрсетпеді.

 

Тәртіп сақшылары күдіктілерді іздеп жатыр. Кімнің осыншама қатыгездікке барғаны әзірге белгісіз.

 

Полиция департаментіндегілер оқиғаға қатысты кісі өлтіру бабымен іс қозғаған.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста