Ақтөбе облысы полиция департаменті аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген екі ер адамға іздеу жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"29.10.1970 жылы туған қылмыскер Алпамыс Мирманов аса ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде. Сондай-ақ, 1993 жылы 26 мамырда туған Фарух Салықовқа аса ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеу салынды", - деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінен.
Ведомство іздеу салынғандар туралы қандай да бір мәлімет білетіндерден мына мекенжайға келуді сұрайды:
Ақтөбе қаласы, ағайынды Жұбановтар көшесі, 271 "А".
Байланыс телефондары: 102, 8 776 546 66 66, 8 701 380 80 30, 8 775 735 79 78, 8 776 765 24 44.
Полиция департаменті ақпарат бергендердің есімі жасырын қалатынын және пайдалы деректер үшін сыйақы берілетінін атап өтті.
Сонымен бірге, ведомство ер адамдарды іздеудің қаңтардағы оқиғаға қатысы жоқ екенін хабарлады.