Ақтауда жас жігітті қатыгездікпен қинаған топтың ұсталған сәтінің видеосы жарияланды

Ақтауда бетін тұмшалап алған бірнеше жас жігіттің құрбандарын аяусыз соққыға жығып жатқаны туралы бейжазба көпшіліктің жағасын ұстатты. Одан асқан қатыгездіктен басқа ештеңе де көрмейміз. Балта және өзге де азаптаушы құралдармен ұрып-соғып, онысын телефонға түсіріп алған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі nege.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтау қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бейнежазбасы бар екі оқиға да Ақтау қаласында, бірақ әр түрлі уақытта болғаны анықталған. Екі факті бойынша да Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі, яғни «бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.

 

«Полиция жәбірленушілерді де, күдіктілердің де кім екенін анықтап үлгерді. Қазір 16 және 21 жастағы екі күдікті қолға түскен. Көп ұзамай  жедел-іздестіру шаралары барысында үшіншісі ұсталды. Қылмыс жасаған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына тоғытылды», - дейді Ақтау ІІД баспасөз қызметі.

 

Ғаламтор бетінде бұл оқиғаға қатысты түрлі ақпарат тарап жатыр. Тіпті, бұзақылар туралы мәліметтер де өріп жүр. Ақтау полициясы сондай бір фотосуретте көрсетілген жеке деректер шындыққа жанаспайтынын хабарлап отыр.

 

Өрімдей жастардың мұндай қаныпезерлікке не үшін барғаны әлі жұмбақ. Полиция тергеу құпиясына сүйеніп, бұл жөнінде нақты мәлімет беруден бас тартып отыр.

 

Бір қызығы, жәбірленушілердің ешқайсысы арыз жазбаған. Ауыр жарақаттарын емдету үшін жедел жәрдемге де хабарласпаған. Әйтеуір, әлеуметтік желілерге бейнекадрлар тарағаннан кейін ғана арыз түсіріпті.

 

Полиция істің мән-жайы енді анықталып жатқанын айтып, «есірткі сатушыларға қарсы осындай әрекетке барды» деген алып-қашпа әңгімелерді растамады.

 

Бұл оқиға Ресейде кең қанат жайған «Оккупай-педофиляй» қозғалысының Алматы қаласындағы Роман Матвеенко мен оның «достарының» іс-әрекетін еске түсіріп отыр. Олар «педофильдерге қарсы күресеміз» деген желеумен, өздеріне күдікті көрінген адамдарды ұрып соғып, 300 мың теңгеге дейін ақша бопсалаған. Түрмеде түскен фотоларында Роман Матвеенко неонацистік идеологияны ұстанатыны анықталды.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста