Ақмола облысында 12 жасар қызды зорлаған үш жігіт қамауға алынды

25-26 жас аралығындағы үш жігіт 12 жасар қызды зорлады деген күдікке ілініп отыр. Аталған қылмыс жөнінде Ақмола облысының ауыл тұрғыны мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Облыстық полиция жантүршігерлік оқиғаға қатысты пікір білдірді. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, зорлық-зомбылық актілері өткен жылдың желтоқсанынан биылғы маусымға дейінгі аралықта болған деп жазды Sputnik Казахстан.

 

Құқық қорғаушылар мәлім еткендей, аталған іс бойынша күдікке ілінген үш адам ұсталып, изоляторға қамалған.

 

Бастапқыда тергеу 16 жасқа дейінгі тұлғамен жыныстық қатынасқа түсу бабы бойынша қозғалған. Алайда, тың деректер пайда болғаны ескеріліп, іс зорлау бабына өзгертілді. Аталған қылмыс үшін 15-тен 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын айта кету керек.

 

Сондай-ақ полицейлердің айтуынша, ұсталған үш азамат жәбірленушінің туған ауылында тұрады.

 

Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайлары бойынша белсенді тергеу жүріп жатыр, бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалған. Істі тергеу барысы Ақмола облысы ПД басшылығының бақылауында.

 

Еске сала кетейік, бұған дейін қылмыс құрамының болмауына байланысты 17 жастағы елордалық мүгедек қыздың зорлануына қатысты іс жабылғанын хабарлағанбыз.


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста