ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев ұсталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылғы 9 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу шеңберінде жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен құқық қорғау органдарының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері М. Қожабаевты ұстады.
Жедел-тергеу шаралары жалғасуда.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.