Антикор шенеуніктен 50 млн теңге бопсалаған кәсіпкердің ісіне қатысты мән-жайды айтты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аз. Т. Әбиевтің бұқаралық ақпарат құралдарында зиянды мәліметтерді тарату және өзінің Youtube-арнасында шындыққа сәйкес келмейтін бейнежазбаларды жою үшін кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша бопсалады деген күдікпен қылмыстық әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аntikornews-ке сілтеме жасап.

2022 ж. 14 желтоқсанда Әбиев 50 миллион теңгемен ұсталып, соттың санкциясынан 2 ай мерзімге қамауға алынды.

 

Бұдан басқа, Әбиев мемлекеттік органдар қызметкерлері мен азаматтарды адастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаменті» ЖШС жеке заңды тұлғасын тіркегені анықталды.

 

Аталған ұйымның басшысы болып көрініп, сол арқылы билік өкілінің бейнесін жасай отырып, Әбиев кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарынан өзінің жеке мүддесі үшін іс-әрекеттер жасауды, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіпті бұза отырып ақпарат пен материалдар беруді талап етті.

 

Абиев тек өзіне-өзі қызмет ету себептерін көздей отырып, ақшалай сыйақылар үшін жеке тұлғаларға өз ұйымы қызметкерінің қызметтік куәліктерін беріп, оларды билік өкілінің мәртебесі туралы жаңылыстырды.

 

Алайда, Әбиевтің қызметі құқық қорғау органдарының жұмысымен ешқандай байланысты емес.

 

Әбиевтің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексеріледі.

 

Әбиевтің заңсыз қызметінің барлық осындай фактілері туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 1424 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

 

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста