Алматыда жүкті келіншек пәтер жалдаушыларды тақырға отырғызып кетті

Алматыда жүкті келіншек пәтер жалдаушыларды тақырға отырғызып кетті

Алматыда екіқабат келіншек жас отбасыға бөтен біреудің пәтерін жалға бері кеткен. Алданып қалған ерлі-зайыптылар не ақшасын, не уақытша баспана таппай қалды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

«Жалға берілетін баспананы келіншегім екеуміз жарнама газетінен тауып алдық. Мекен-жайы Наурызбай батыр мен Гоголь көшесінің қилысында, айлық ақысы - 50 000 теңге, бір бөлмелі деп тұр екен. Хабарласып едім, «үй иесімін мемлекеттік бағдарламадан 2 бөлмелі пәтер алып, сол жаққа көшіп кеттім. Мына пәтерді жалға беремін» деп сендірді.

Мен жұмыста болған соң келіншегім пәтерге барып, қожайындарымен келіскен. Үйдің есігін ашып, екіқабат келіншек бар жағдайын таныстырып 50 мың теңгені де сол санап алған. Тіпті, күдік тудырмас үшін күйеуі жеке куәлігінің көшірмесі мен қолхат та жазып беріпті»,- дейді Ерқанат есімді зардап шегуші.

Жұмыстан оралған отағасы пәтердің ішіне кіре сала алданғанын сезген.

«Барлығы бір түндік жалдамалы пәтер екені көрініп тұрды. Кір машина жоқ, ортада төсек салынған. Жып-жинақы. Дереу көршілерге барып сұрап едік, бұл үйдің иесі егде әйел, пәтерді күндік жалға береді деп түсіндірді. Ал, ақшамызды алған алаяқ қожайындар болса екі телефондарын да өшіріп тастаған, ізім-ғайым жоқ», - деп ашынады жігіт.

Жастар алаяққа жем болғандарын айтып, полицияға да шағымданған.

«Бұл іспен қазір криминалды полиция айналысып жатыр. Күдіктінің аты-жөні бәрі анықталды. Ары кетсе екі-үш күн жедел уәкілдер ұстайды деп ойлаймын. Бұл бірінші жағдай емес бірнеше рет болды, барлығы жазасын алып жатыр. Әсіресе, «жетім бұрыш» деп аталатын пәтер іздейтін жерге барғандар көп алданып қалады»,- деді Алмалы аудандық Ішкі істер басқармасының қызметкері. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста