Алматыда қаңтар оқиғасына қатысқандарды азаптаған полицейлерге сот үкімі шықты

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған адамдарды азаптаған полиция қызметкерлері сотталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, өткен жылдың қаңтарында қала тұрғындарының бірі бөтеннің көлігін иемденді деген күдікпен полиция бөліміне жеткізілген.

 

"Былтыр қаңтарда көлікті заңсыз иемденді деген күдікпен Р. атты азамат полиция бөлімшесіне жеткізіліп, үш қызметкерге тапсырылды. Олардың екеуі ұсталған адам тәртіпсіздікке қатысты деп болжап, осы оқиғада зардап шеккен әріптестерінен кек алу үшін физикалық қысым көрсеткен.

Үшінші полицей екі әріптесінің қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын көрсе де басшылыққа жеткізбеген. Осылайша, ол құқық қорғау органының қызметкері бола тұра, өз қызметінде әрекетсіздікке жол берген", - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

 

Судья шешім қабылдау кезінде олардың балалары барын ескерді.

 

"Сот үкімімен Б. және Х. атты сотталушылар Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырып, оларға 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы Қ. Қылмыстық кодекстің 370-бабы 2-1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан өмір бойына айырылды әрі бас бостандығы 1,6 жылға шектелді", - деп жазылған хабарламада.

 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста