Алматыда базар маңында ер адам қызды ұрып құлатқан
Алматыда ер адам көшеде қызды ұрып құлатқан. Есінен танып қалған қыз медициналық көмекке мұқтаж болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Instagram желісінде пайда болған видеоға қарағанда, бұл "Тастақ" базарының маңында орналасқан "Асыл" сауда үйіне қарама-қарсы жерде болған.
"Бүгін Төле би көшесінде бұл жігіт бір қызды ұрып жіберді, ол есінен танып қалды. Ол 25 жаста", - делінген видеоның сипаттамасында.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті 1985 жылы туған С есімді ер адам. Ол қазір ұсталып, тергеп-тексеру үшін Алмалы аудандық полиция бөліміне жеткізілген.
"Оның әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі", - деді полицейлер.
Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, қыздың алған жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.