Алматыда баласын дәретханаға қалдырып кеткен 17 жастағы қыз сегіз айға сотталды

Алматыда баласын көшедегі дәретханаға қалдырып кеткен кәмелетке толмаған ана сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

 

Алматы қалалық сотының мәліметінше, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта кәмелетке толмаған сотталушының өзінің жаңа туған баласын өлтіруге оқталу дерегі бойынша іс жабық тәртіппен қаралды. 

 

Бап санкциялары төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Сот үкімімен кәмелетке толмаған ана осы баптар бойынша кінәлі деп танылып, 8 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

 

Үкім заңды күшіне енді.

 

Еске салайық, полицейлер жаңа туған баланы 2022 жылдың 25 тамызына қараған түні Алматы қаласының Түрксіб ауданында аман алып қалған болатын. Артынша 17 жастағы кәмелетке толмаған қыздың түсік тастағаны анықталды. Тәртіп сақшылары баланы дәретхана шұңқырынан тауып алып, оны аман алып қалды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста