Алматы полицейлері 8 жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысын ашты

Алматы полицейлері 8 жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысын ашты

Алматы полицейлері 8 жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2015 жылдың наурыз айында Алматының Түрксіб ауданында кісі өлтіру дерегі тіркелген.

 

Сол кезде жеке жүргізуші болып жұмыс жасаған 60 жастағы С. есімді азаматтың мәйіті табылған болатын.

 

Сот-медициналық сараптама өлімнің тұншығудан болғанын анықтады.

 

– Сонымен қатар такси жүргізушісінің Nissan көлігінің жоғалғаны анықталды. Айтпақшы, үш еркекті қызықтырғаны сол көлік болатын. Күдіктілер қарақшалық тонау жасап, автокөлікті иемдену мақсатында кісі өлтіру әрекетін жасағанымен, көлікті иелік ете алмаған. Бірнеше күннен кейін көлік табылды. Қалалық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жоғарыда аталған қылмысты жасаған 30 жастағы С. есімді азаматты, 26 жастағы С. есімді азаматты және 29 жастағы Б. есімді азаматты ұстады. Олар қамауға алынды, — деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

 

ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес қылмыстың басқа да мән-жайлары жария етуге жатпайды.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста