60 жастағы қалта ұрысы ұсталды
Өскемен қаласында 60 жастағы қалта ұрысына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға хабарласқан 36 жастағы әйел «Спорт сарайы» аялдамасында тұрғанда күртешесінің қалтасынан белгісіз біреудің «SAMSUNG» маркалы екі ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтқан. Осылайша жәбірленушіге 200 000 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілген.
Жедел іздестіру шараларын жүргізген криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. 60 жастағы ер адам өз кінәсін мойындап отыр. Ұрланған ұялы телефондар иесіне қайтарылды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу