"4 күн бұрын гүлмен келген": пышақталған медбикеге қатысты тың ақпарат шықты
Алматы облысында Қарасай ауданы ауруханасында мейірбикені пышақтап кеткен болатын. Sputnik Қазақстан тілшісі оқиғаның мән-жайын біліп қайтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.
Марқұм Қарасай ауданына қарасты Қошмамбет ауылында пәтер жалдап тұрған, дейді әріптестері.
"Осы Қошмамбет ауылында ер адаммен, мүмкін сол досымен тұрған болар, ол жағын анық білмедік. Бірақ сол ер адам ұрып-соғып маза бермепті. Қошмамбеттегі жалдамалы пәтерінен бір апта бұрын көшіп кетіпті", - дейді Қошмамбет ауылының тұрғындары.
Марқұм мейірбике Қарасай аудандық ауруханасының перзентхана бөлімінде еңбек еткен.
"Өте қарапайым, ешкіммен қақ-соғы жоқ, жақсы маман болатын. Қайғылы оқиға болған күні ер адам қызметтік есіктен кіріп, пышақтаған соң сол есіктен шығып кеткен. Ал аурухананың орталық есігінде күзетші болды, бірақ күдікті ол есіктен кірмеген", - дейді аурухана басшылығы.
Дәрігерлердің айтуынша, қылмыстық оқиға болардан бұрын күдікті гүл әкеліп, аурухана маңын бір күн торуылдап жүрген.
"Оқиға болардан 4 күн бұрын сол ер адам қолында шоқ гүлі бар, аурухана маңын торуылдап жүрді. Мейірбике Қаскелеңде пәтер жалдап тұрды. Екі бойжеткен қызы бар, екеуі де жоғарғы білімді. Күйеуімен ажырасып кеткен, оның бөлек отбасы бар. Мейірбикенің басы бос болған", - дейді дәрігерлер.
Еске сала кетейік, Қарасай ауданында дәл жұмыс орнында мейірбикені ер адам пышақтап кетті. Ол алған жарақатынан қайтыс болды.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz